383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада науқас балаларға көмек ретінде ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды

  • 958

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылордадағы өкілдігі ерекше жәрмеңке өткізді.

Мекеме қызметкерлері өздері дайындаған түрлі бұйымдар мен дәмді тағамдарды саудалады. «Жүрегім толы мейірім» атты акциядан түскен қаржы денсаулығында туабітті ақауы бар науқас балалардың еміне жұмсалды. Қайырымдылық шарасы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығында жалғасты. Мұндағы бүлдіршіндерге Халыққа қызмет көрсету орталығы атынан түрлі ойыншықтар мен спорттық жабдықтар сыйға берілді. Ал балғындар өз кезегінде мейірімді қонақтарға арнап, шағын концерттік бағдарлама қойып, алғыстарын жеткізді.

Күміскүл Жомартова, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы директорының орынбасары:

- Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының ұжымы тек қана бүгінгі күнмен ғана шектелмей, бұған дейінгі көп іс-шараларға, түрлі балаларды қорғау күніне, басқа да көптеген іс-шараларға қатысып, балаларымызға үнемі жақсы көңіл-күй сыйлап, қолдау көрсетеді. Бұл олардың өмірге деген қызығушылықтарын арттырып отырады. 

Хабар 24 телеарнасы