388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Салықты көтеруге қарсы грекиялықтар ереуілге шықты

  • 748

Грекияда жеке және мемлекеттік саланың қызметкерлері жаппай ереуілге шықты.

Оған мұғалімдер, қаржы саласының өкілдері мен салықшылар қатысты. Қалаларда қоғамдық көліктермен қатар пойыздар мен кемелер де тоқтап тұр. Ереуілшілер үкіметтің мемлекеттік үнемдеу шарасы шеңберінде еңбек реформасын жүргізіп, салықты көтеруге қарсы. Мәселен, қазір Халықаралық несие берушілер Афинаға бөлінген несиенің кезекті бөлігін аудару үшін елдегі реформаны бағалауға көшкен. Оппозиция Алексис Ципрас үкіметінің мемлекеттік қарызды төмендету үшін халықаралық ұйымдардың талабын қабылдағанына наразы. Ал елдің қазіргі қарызы 320 миллиард еуроны құрайды.

Хабар 24 телеарнасы