383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығына – 25 жыл

  • 729

Биыл Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы достастық қауымдастығы Қазақстанмен әріптестік құрғанына 25 жыл толу мерекесін атапа өтуде.

Ұйымның тарихы Қазақстанмен тығыз байланысты. Себебі қауымдастық жұмысын бастаған алғашқы жылдары тек қана Қазақстанмен байланыс орнатып, ынтымақтастық құрған. Ұйым Кореяға Қазақстан спортшыларының, ауылшаруашылық саласының мамандарын, және этникалық кореялықтардың сапарын ұйымдастырумен айналысты. Мемлекеттік емес ұйымның президенті Ли Ок Реннің айтуынша, 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды. ҚазақстанОрталық Азия мен ТМД елдерінен озып, қарқынды дамыған ел. Қазақ елі өзін баршаға табиғи ресурстарға бай, мәдениеті дамыған экономиксы жаңартылған, өмір сүру деңгейі жоғары ел ретінде танытты.

Ли Ок Рен, Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы достастық қауымдастығының президенті:

- Сіздерді 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Қазақстан мен Корея арасындағы тығыз байланыс пен достық қарым-қатынастар болашақта әрі қарай жалғасын табады деп сенемін. Жуырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Сеулге келуі стратегиялық әріптестік бағдарын бекемдей түсті. Жақында мен Медеуде болдым. Биіктен қалаға көз тастап, Алматының қаншалықты дамығанын көріп тамсандым. Осындай қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан қарқынды дамып, айтарлықтай жетістіктерге жетті. Тағы бес жылдың ішінде Қазақстан әлемнің аса дамыған елдерінің қатарына қосылады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы