420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Шымбұлақты» Универсиадаға дайындай бастады

  • 2070

«Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде Дүниежүзілік Универсиадаға дайындық жұмыстары басталды.

Бүгіннен бастап Азиада, Олимпиадалық, Профессор секілді барлығы жеті тасжол жабылды. Сырғанайтын басқа жолдар бұрынғы қалпында жұмыс істейді. Сондай-ақ, түнгі уақытта шаңғы тебуге уақытшы тиым салынды. Жабылған жолдарда телехабар таратуға арналған кабельдерді тарту, мәре қақпаларын қою жұмыстары басталып кетті.

Сергей Цыбенко, Универсиада дирекциясының нысандарды басқару және қызмет көрсету департаментінің жетекшісі:

- Шымбұлаққа үлкен міндет жүктелген. Тау шаңғысы, фристайл мен сноуборд жарыстары осында өтеді. Әлемнің 20-дан астам елінен келген 750 спортшы сынға түседі. Сондықтан барыншы жылдам дайындалып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы