385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігі – Қысқы Универсиада ойындарының ресми ақпараттық серіктесі

  • 813

«Хабар» Агенттігі 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының ресми ақпараттық серіктесі.

Студенттер жарысын көрермендерге жеткізуге агенттіктің 500-ге жуық қызметкері атсалысады. «Хабар» телеарнасы Универсиаданың салтанатты ашылу және жабылу рәсімдерін көрсетеді. Сондай-ақ ерлер хоккейін, шаңғы, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы мен биатлонды тікелей трансляция жасайды. Спорттың басқа түрлерінен жарыстарды Қазақстан және Kazsport арнасы көрсетеді. Хабардан көрсетілетін жарыстарды тікелей эфирде Сергей Райлян, Асқат Жақаев, Ермұхаммед Мәулен, Ержан Көшкінбай сияқты белгілі комментаторлар жүргізеді. Бұдан өзге Алматыда арнайы студия ашылды. Бұл жерде спортшылар, бапкерлер мен сарапшылар сұқбат береді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін «Хабар 24» арнасы Универсиада жарыстарынан тың жаңалықты көрерменге жылдам жеткізіп тұратын болады.

Дидар Сағадиев, Универсиада-2017 дирекциясының аппарат басшысы:

- Біздің «Хабар» Агенттігіміз негізгі 60-тан астам көрсетілімді көрсетеді. Универсиада ойындарын 80-нен астам мемлекетте көрсетеді. Яғни күніне кем дегенде 1 миллиардтан астам көрерменболады деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы