384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейшілеріміз Универсиаданың финалында жеңілді

  • 1114

Хоккейден Қазақстанның құрамасы ақтық сында Ресейден ұтылып қалды.

Қорытынды есеп 0:1. Сөйтіп, біздің спортшылар күміс жүлдені місе тұтты. Тартысты өткен сайыстағы жалғыз шайбаны Даниил Ильин үшінші кезеңнің басында салды. Осылайша, 28-ші Қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстандықтардың қоржынында бас-аяғы 38 алқа. Оның ішінде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола. Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама екінші орынға ие болды. Бас жүлде Ресейдің еншісінде.

Хабар 24 телеарнасы