384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірі «Ұлы дала елі» этнофестиваліне дайындалып жатыр

  • 913

Ертіс өңірінде «Ұлы дала елі» этнофестиваліне дайындық басталып кетті.

Екікүндік ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Фестивальге алыс-жақын шет мемлекеттер мен еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар келіп, павлодарлықтардың өнерін тамашаламақ. Мерекелік шара барысында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарының халықаралық көрмесі өтеді. Құбегілер қойылымы мен ежелгі көшпенділердің тұрмыс-тіршілігін паш ететін каскадерлердің өнері байқаудың көрігін қыздырады. Сонымен қатар спортты серік еткен азаматтар ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түседі. Шаралардың негізгісі облыс орталығының іргесіндегі Кенжекөл ауылы маңындағы Ақтөбе төбесінде өткізіледі.

Ермұрат Тілегенов, фестивальдің ұйымдастырушысы:

- Осы жерде біздің ата-бабаларымыз құрмалдық беріп, Алла тағаладан осы еліміздің, жеріміздің үлкен бір мақсатына жетсін деп тілеген. Қазіргі уақытта еліміздің егемендік алып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық өтіп жатқан уақытында «Ұлы дала елі» деген дүбірлі жақсы бір шара өткізейін деп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы