427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбылдық полицейлерге жаңа қызметтік көліктер берілді

  • 789

Жамбыл облысының полицейлеріне ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 83 қызметтік көлік берілді.

Темір тұлпарлардың кілтін өңір басшысы орталық Достық алаңында салтанатты жағдайда табыс етті. Аталған көліктердің 23-і жол патрульдік қызметіне 10-ы республикалық және облыстық маңыздағы жолдардағы қауіпсіздікті күзететін тәртіп сақшыларына беріледі. Қалғандары жергілікті полиция қызметі мен шалғай аудандардағы учаскелік инспекторларға бөлінбек. Осы мақсатта облыс бюджетінен 558 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Оған көліктерден бөлек бейнетіркегіштер мен радиостанциялар алынып, жергілікті полиция қызметінің ғимараты толықтай жөндеуден өткізілді.

Кәрім Көкірекбаев, Облыс әкімі:

- Статистика бойынша 1 айдың ішінде 11 пайызға барлық қылмыстық жағдай төмендеп отыр. Бұл дегеніміз өте жақсы. Қазір жергілікті әкімдер полициялармен бірге жұмыс істеуде. Мал ұрлығы төмендеді. Үй ұрлығы да, қалта ұрлығы айтарлықтай төмендеген.

Самат Хусаинов, Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

- Автокөліктер техникалық жағынан ескі болған. Қазір жаңа көлік беріліп жатыр. Олардың бізге пайдасы өте көп болады. Себебі қазір XXI ғасыр өздеріңіз білесіздер. Жол қауіпсіздігін автокөлікпен қамтамасыз ету керек. Тоқтап тұрмаса. барлығы көлікпен жүреді.

Хабар 24 телеарнасы