424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің саяси және экономикалық дамуы қатар жүру керек – сарапшылар

  • 658
  • UPD: 12:10, 08.02.2017

«Еліміздің саяси және экономикалық дамуы қатар жүру керек». Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғылым академиясының экономика институтында өткен жиында айтылды.

Экономист ғалымдар мен профессорлар конституциялық реформа аясында Үкімет пен Парламенттің билігін нақты сала-салаға бөлу туралы ойларын айтты.

«Халықтан, бұқаралық ақпарат құралдарынан және әр сала мамандарынан түскен ұсыныстарды арнайы құрылған жұмыс тобының қарауына жинақтап жіберу керек. Мақсатәлемдік даму үрдісінен қалып қоймай, экономикалық дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаларды жүзеге асыру қажет», - дейді ғалымдар.

Оразалы Сәбден, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі:

- Дүниежүзілік дағдарыс 2025 жылға дейін жалғасады деп отырмыз. Себебі жаңа технология, нанотехнология, биотехнология, геоинженерия, информациялық коммуникациялық технология, ғарыштық технология, ғылыми-техникалық ревалюция күшейген кезде дүниежүзі қатты дамиды. Біз осыған дайын болуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы