420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада зиялы қауым өкілдері мен «Ауыл» партиясының мүшелері конференция өткізді

  • 715
  • UPD: 19:30, 10.02.2017

Аграрлық сектор ел экономикасының жаңа драйверіне айналуы керек.

Осы ретте «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы Астанадағы зиялы қауым өкілдері мен партия мүшелерінің басын қосып, конференция өткізді. «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Толымбек Әшімұлы Елбасы атап көрсеткен әр тапсырманың түпкі мақсаты елімізді экономикалық дамудың жаңа кезеңіне шығару бәсекеге қабілеттілікті арттыруда екенін ерекше атап өтті. Жолдаудың аграрлық салаға бағытталған тұстарын жүзеге асыру барысында бірлестік белсенділері атқаратын шаруалар шаш етектен.

Толымбек Ғәбділәшімов, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:

 

- Бұл – бізге, бәрімізге артылып отырған міндет. Сол 30 мемлекеттің ішіне кіру үшін көп жұмыс істеу керек. Біздің үкіметіміздің істеген істерінің бәрі дұрыс. Сол Жолдауды орындайды ма деген үміттеміз. Негізі біз енді «Ауыл» партиясы болған соң біз ауылшаруашылыққа көбірек көңіл бөлсе деген ойдамыз... Енді мынау Жолдаудың ішінде көп мәселелер көтеріліп отыр. Шешіледі деп ойлаймыз. Жолдауды қолдауға біз даярмыз. 

Хабар 24 телеарнасы