427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президентінің жолдауында әлемдегі барлық экономикалық және саяси өзгерістер назарға алынған

  • 1026
  • UPD: 21:20, 25.02.2017

Халықаралық саясат жөніндегі корей институтының вице-президенті Ли Дже Ён Қазақстан Президентінің халқына жолдауында әлемдегі барлық экономикалық және саяси өзгерістер назарға алынған дейді.

Ол – Оңтүстік Корея және ТМД елдерінде жетекші мамандардың бірі, 2015 жылы құрылған Астана сарапшылар клубының тұрақты мүшесі. Ли Дже Ён Еуропа департаментімен Америка және Еуразиядағы өз институтының қызметкерлерімен жолдауды талқылады. Ол Президент Назарбаевтың жоспары АҚШ-та Дональд Трамптың билікке келуі және Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы сияқты маңызды оқиғалардың аясында болашаққа бағыт белгілейтінін атап өтті. Ли Дже Ённың пікірінше, Қазақстан көшбасшысы өз жолдауында экономиканы әрі қарай 3D технологияларды пайдалана отырып дамытуға ниеті бар дейді. Сондай-ақ сарапшы Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ұқсастығын атап өтті.

Ли Дже Ён, Халықаралық экономикалық саясат жөніндегі Корей институтының вице-президенті:

- Қазақстан халықаралық корпоративтік жағдайды ұдайы назарда ұстайтынын байқатты. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының халықаралық стандарттарына да жіті ден қойылған. Сонымен қатар бизнесті өрістету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес жүргізбек. Макроэкономикалық тұрақтандыру және банк қызметін нығайту да нысанада тұр. Жолдауда адам ресурстарын дамыту да назардан тыс қалмаған. Өздеріңіз білесіздер, Корея да ешқандай табиғи қорсыз-ақ адам ресурстары арқасында алға басып отыр.

Хабар 24 телеарнасы