426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Елде «Баспана хит» бағдарламасы тоқтады | ДомоФОН

  • 41

Елде «Баспана хит» бағдарламасы тоқтады. Мемлекет бұл жобаны енді қаржыландырмайды. Былтыр ол бойынша 24 мыңнан астам адам баспаналы болған. Ол үшін бюджеттен 228,8 млрд теңге бөлінген еді. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 25 процентке көп. Отандастарымыз дәл осы жобаның арқасында екінші санаттағы үйлерді сатып алу құқығына ие болды. Әу баста бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазынадан 600 млрд теңге қарастырылған. Банктер осы қаражаттың барлығын жұмсап болды. Енді өздері дәл сондай шарттармен ипотека ұсынып отыр. Сол себепті мемлекет «Баспана хитті» тоқтатамыз деген тоқтамға келді. Осы ретте, қаржы дағдарысының кесірінен өзге жобалар да жүзеге аспай қала ма деген күдік бар.

Хабар 24 телеарнасы