365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кемел қала. Алматы «Smart city 2018» еуропалық форумында бірінші орынды иеленді

  • 30

Алматы шаһары Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart city 2018» еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалағаны үшін бірінші орынды иемденді. Конкурс комитеті Алматыда цифрлық технологиялардың қолданылуы мен қоғамдық көлік табысының ашықтығын және оның көлеңкелі айналымнан шығарылғанын ерекше атап өтті. Бизнестің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылуы да назардан тыс қалмады. Қала билігінің жаяу жүргіншілер және қоғамдық кеңістікті модернизациялау арқылы экологияны жақсартуға бағытталған шаралары да қолдау тапты.

Хабар 24 телеарнасы