loader


2022-жылы отандық зауыттар 90 мыңнан астам автомобиль шығарған | Сала

Ресейліктер қазақстандық автокөліктерге деген қызығушылығын арттырып отыр. Мәселен, іргелес жатқан Түмен облысының өзіне ғана елден баратын автомобильдің көлемі 56 есеге артқан. Бұл елге салынған санкцияға байланысты танымал брендтердің көрші ел нарығынан кетуі басты себеп болып отыр. Осының салдарынан Ресейдің ішкі нарығында автомобиль тапшылығы пайда болды. Енді біздегі кейбір диллерлер шетелдіктерге автомобиль сатуға шектеу қоя бастады.

2022-жылдың 11 айында отандық зауыттар 90 мыңнан астам жеңіл автомобиль жасап шығарған. Қазақстанда жасалатын ең танымал брендерге тоқталар болсақ, бестіктің көшін Chevrolet маркасы бастап тұр. Былтыр мұндай көліктің 34 360 бірлігі құрастырылған. Одан кейінгі орындар Hyundai, Kia, Jac және Lada көліктеріне тиесілі.

Енді Алматыда Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығарылатын болады. Жылына 90 мыңнан астам автокөлік шығаруға қауқарлы кәсіпорын 2024-жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ...