Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Google компаниясы жаңа кампус құрылысына 1 млрд доллар инвестиция салмақ

Google компаниясы Нью-Йорктегі жаңа кампус құрылысына 1 млрд доллар инвестиция салмақ. Google қаржылық директоры Рут Порат корпорацияның блогында ауданы шамамен 158 мың шаршы метрге жуықтайтын Google Hudson Square Хадсон-стрит көшесіндегі екі ғимаратты қосып, Манхэттен ауданындағы Вашингтон-стриттің кеңсе ғимараттарын да қоса қамтитынын жазыпты. Осылайша Google Нью-Йорктегі Гудзон өзені аумағын емін-еркін жайламақ.