423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астанадағы «Этноауыл» кешенінде «Алпамыс» театралды-цирк шоуы қойылады

  • 1430
  • UPD: 10:54, 30.05.2018
Астанадағы «Этноауыл» кешенінде «Алпамыс» театралды-цирк шоуы қойылады astana.gov.kz

1 маусым күні Астанадағы «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі астананың 20 жылдығына арнайы ұйымдастырған керемет «Алпамыс» театралды-цирк шоуы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақ тарихының ең көне және жұмбақ парақтарынан бастау алатын, «Алпамыс» аңызының көрінісі байырғы Бозоқ қаласының көшелері мен алаңдарында өтеді, ол қазір дүние жүзіне Қазақстанның жаңа астанасы ретінде танылған – Астана қаласы.

Ұлы халық пен тамаша тарихи қаланың аңызға айналған өткен күндері туралы баяндайтын шоуды ауқымды театралды-цирк қойылымдарымен танымал шығармашылық ұжым – «Журавли» спорт театры қояды.

«Алпамыс» қойылымына әр елден 70 әртіс қатысады. Олардың барлығы халықаралық цирк байқауларының лауреаттары мен ең жоғары деңгейдегі спорт сайыстарының жеңімпаздары, Du Soleil циркі қойылымдарының тәжірибелі қатысушылары.

«Алпамыс» театралды-цирк шоуы «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде 1 маусым мен 31 тамыз аралығында бейсенбіден жексенбіге дейін өтеді. Билеттерді қаладағы барлық кассадан алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы