386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Астана күндері өтіп жатыр

  • Read 310 times
Ақтауда Астана күндері өтіп жатыр

Қарт Каспийдің жағасында Астана күндері өтіп жатыр.

200 адамнан құралған шығармашылық және іскер топ өкілдері Маңғыстау өңіріне ауқымды бағдарламамен келді. Астана кәсіпкерлері жергілікті кәсіпорындарды аралап, тәжірибе алмасуда. Әріптестерімен іскерлік кездесулер өткізіп жүр. Ал жастар театры ақтаулық көрермендерге үш бірдей қойылым ұсынды. Бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтары Мемлекеттік академиялық филармониясы өнерпаздарының концерттерін де тегін тамашалап жатыр. Сонымен қатар Ермек Тоқтаров, Семғали Смағұлов сынды үздік суретшілер мен мүсіншілердің туындылары қойылған көрме де ашылды.  

Нарима Мұхамбеталина, Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Астана қаласының 20 жылдығына орай Астана қаласы өзінің үлкен бағдарламасын біздің Қазақстанның барлық өңірлеріне паш етеді. Батыстан бастап қыркүйекте Алматыда соңғы нүктесі қойылады. Ақтаудан кейін Ақмола облысына Көкшетау қаласына барамыз. Сонымен жалғаса береді.

Осы категория бойынша: Астанада бүгін Open Аir өтеді »
back to top
Хабар 24 телеарнасы