427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы музейде елорда мерейтойына арналған көрме ашылды

  • 875
  • UPD: 12:37, 07.06.2018

Алматы музейінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» көрмесі ашылды.

Көрмеде бас қаланың тарихЫ басталған сәттен бастап, көркейген бүгінгі келбетіне қатысты тарихи құжаттар топтастырылған. Мәселен, Астана үшін жасалған бірегей нысандардың идеясы туындаған сәттен жүзеге асырылғанға дейінгі кезеңдері графикалық форматта ұсынылды. Сондай-ақ, іске аспай қалған жобалар туралы мәліметтер де көрмеден орын алған. Сәулетші Төлеген Әбілда алғашқылардың бірі болып, Астана құрылысына үлес қосқан жанның бірі. Ол Астана циркі, 45 қабатты Қазақстан темір жолы ғимараты жобасының авторы.

Төлеген Әбілда, сәулетші:

- 1996 жылдары болуға тиіс бізге тапсырыс түсті. Астанаға көшетін болды. Бірінші көшу жағдайында мына административный зданияларды салуға тиіс болатынбыз. Астананың ескі алаңындағы бұрыңғы 7 қабатты обкомның үйін реконструкция жасадық. Келбетін сәйкестіріп, келтіріп, үкімет үйіне ұқсайтындай қылып оны қайтадан жобалап шығардық.

Хабар 24 телеарнасы