374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Денсаулық эстафетасы» аясында тұрғындарға тегін дәрігерлік кеңес беріледі

  • Read 283 times
  • Media
«Денсаулық эстафетасы» аясында тұрғындарға тегін дәрігерлік кеңес беріледі

Астананың жиырма жылдығына арналған «Денсаулық эстафетасы» басталды.

Шара Алматы облысының барлық ауданында ұйымдастырылады. Алғашқы эстафета кезегі Іле ауданына тиді. Жылжылмалы медициналық орталықпен келген дәрігерлер тұрғындардың денсаулығын тексеріп, флешмоб өткізді.

Аудан орталығында шатырын жайған кешенде қанның құрамы, қант деңгейі, қан қысымы тексерілді. Сондай-ақ тұрғындар флюраграфия және УДЗ құрылғылары арқылы тексеріліп, оларға хирург, терапевт, көз дәрігері, гинеколог мамандары тегін кеңес берді.  

Айман Оразымбаева, Өтеген батыр кентінің тұрғыны:

- Менің қазір ішкі құрылысымды қарап, бәрі дұрыс деді. Диетадасыз ба деп сұрады. Ия мен бұрыннан диета ұстаймын дедім. Бауыр бәрі дұрыс деді. Көзімді қарады, дәрілер жазып, 5 секундта дайындап берді. 

«Денсаулық эстафетасы» аясында дәрігерлер флешмоб өткізіп, аудан әртістері өнер көрсетті. Бұл шара ақ жалау арқылы жалғасады. Қарасай ауданынан қабылдап алған жалауды Іле ауданы одан әрі Балхаш ауданына тапсырды.

Ләзиза Сүлейменова, Іле аудандық ауруханасы директорының орынбасары:

- Бұл жылжымалы медициналық комплекс әр ауылды аралап шығып, бір апта 20 күнде жалпы халықтың санына қарай ауылдарда акция жүргізіліп, скрининг бойынша адамдарды қарап шығамыз.

«Денсаулық эстафетасы» еліміздің денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы әкімшілігінің бірлесіп өткізіп отырған жобасы. Басты мақсат - аудан, ауылдарды аралап, салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафета  облыстың үш ауданында бір уақытта бастау алды. Игі шара Астана күніне дейін жалғасады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы