368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында мерекелер керуені жүріп жатыр

  • Read 149 times
Павлодар облысында мерекелер керуені жүріп жатыр

Павлодар облысының Лебяжі ауданында Астананың 20 жылдығына орай мәдени мерекелер керуені жүріп жатыр.

Құрамына аудан өнерпаздары, спортшылар мен еріктілер кірген арнайы топ ауылдарға шығып өнер көрсетуде. Мерекенің символы ретінде ауылдық округтерге кубок табыс етіледі. Бүгінде Аққу ауылында елорданың туған күнін өз деңгейінде атап өтуге дайындық қызған. Шілденің 6-сында қайта қалпына келтірілген жастар алаңы ашылады. Ал жергілікті полиция бөлімі қызметтік міндетін орындау үстінде қаза тапқан қызметкерлерге арнап  ескерткіш ашты. Аудандық ішкі істер бөлімінің жанында орнатылған  монументте қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында өмірі қиылған сегіз полиция қызметкерінің есімі жазылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына ардагерлер шақырылды. Бұл күні жұмысқа жаңа қабылданған жастар отанға адал қызмет ету үшін ант қабылдады.

Садриден Балтабаев, Лебяжі ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Қызмет бабында шейіт болған азаматтарға арналған. Сондай оғландардың істеген іс-амалдарын бағалап үлкен ескерткіш орнатылған. Осындай ескерткіш қазір Қазақстан бойынша әрбір ауылды мекендерде құрылып жатыр. Осы ауданның ішкі істер бөліміндегі жастарға өнеге болсын. Олар осындай қызметте өздерінің ерліктерін, білімдерін қолдануға Алла нәсіп етсін!

back to top
Хабар 24 телеарнасы