367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинамен парламентаралық достық тобының жетекшісі елорда мерейтойымен құттықтады

  • Read 166 times
  • Media
Украинамен парламентаралық достық тобының жетекшісі елорда мерейтойымен құттықтады

Қазақстандықтарды елорда күнімен шетелдік беделді тұлғалар құттықтап жатыр.

Бұл жолы елімізді мерейлі мерекесімен «Украина-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі Руслан Демчак пен Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Николай Поворозник құттықтады. Астана - бейбітшілік пен келісімнің қаласы. Бой көтергеніне аз уақыт болса да, мегаполис ретінде әлемді мойындатып үлгерді. Украинаның танымал саяси қайраткерлері Астананың бар-жоғы 20 жылдың ішінде логистикалық орталыққа, одан қалды Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпірге айналғанын атап өтті.

Руслан Демчак, «Украина-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі:

- Украина азаматы ретінде екі ел арасында қарым-қатынастың беки түскенін қалаймын. Менің ойымша бізді байланыстыратын ортақ дүние көп. Ол экономика, туризм және білім алмасып жатқан студенттеріміз. Әрбір саладағы ынтымақтастығымыз еселене берсін дегім келеді. Барлық қазақ елін Астананың мерейтойымен құттықтаймын. Денсаулық, игілік пен амандық тілеймін.

Николай Поворозник, Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Астана - мәдениет пен өндірістің қозғаушы күші. Екі ел арасындағы достығымыз нығая түссін. Себебі 20 жылда білген-түйгеніміз көп. Өзара ынтымақтастығымызды, тиімді серіктестігімізді, мәдени құндылықтарымызды бағалауымыз қажет.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы