427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: Төлебилік 20 ардагерге демалыс орнына жолдама берілді

  • 914
  • UPD: 20:31, 04.07.2018

Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Төлеби ауданында салтанатты шара өтті.

Бірқатар азамат «Астанаға 20 жыл» төс белгісімен марапатталды. Төлебилік 20 ардагерге демалыс орнына жолдама беріліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол арба тарту етілді.

Нұрбек Байбосын, тілші: 

Түркістан облысы бүкіл халық болып елорданың туған күнін атап өтпек. Тау бөктеріндегі төлебиліктер Астананың 20 жылдығына 20 санын негіз етіп алған сыңайлы. Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында өткен мерекелік шара әуелі Астана тақырыбындағы қолөнер шеберлерінің және кітап көрмесімен басталды. Ал бас қаланың құрдастары флешмоб ұйымдастырды. Мәдениет үйінде өткен шарада аудан әкімі Бауыржан Омарбеков бас қаланың 20 жыл мерекесіне орай 20 азаматқа «Астанаға 20 жыл» төс белгісін тарту етті. Қолы ашық атымтай азаматтарға «Жомарт жүрек» номинациясы ұсынылып, 20 үздік жұмысшы еңбеккерге бір реттік сыйақы берілді. Мерекелік тартудан ауыл ақсақалдары да тыс қалмады. Оларға демалыс орындары мен шипажайларға жолдама берілді.

«Асқақтай бер Астана!» атты мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Ән сүйер қауымға бұл кеште тек Астана әуендері шырқалды.

Хабар 24 телеарнасы