367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропалық саясаткерлер мен бизнесмендер елорданы мерейтоймен құттықтады

  • Read 248 times
  • Media
Еуропалық саясаткерлер мен бизнесмендер елорданы мерейтоймен құттықтады

Астана сәулеті ерекше қала. Арқада ауқымды құрылыс жүрді. Түптеп келгенде үлкен жоба жүзеге асты дейді еуропалық саясаткерлер мен кәсіпкерлер.

Қазақ елордасы туралы жүрекжарды пікірлері былай өрбіді.

Жорди Чукла, ЕКПА мүшесі:

- Маған Астана шынымен де ұнайды! Бұл Қазақстанды әлемге әйгілі еткен, саяси және әкімшілік орталық ретінде танылған өте ірі жоба. Мысалы, Астана ауа райы қиындықтарын жеңу, урбанизация, жоспарлау және өмір сүру үшін қолайлы ортаны құру жолында үлкен тәжірибеден өтті. Көптеген еуропалықтар сонысына қызығады. Астананы 20 жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, қала тұрғындары мен Қазақстан халқына тек жақсылық тілеймін!

Оливье Клозэн, «Veolia» компаниясының коммерциялық директоры:

- Компаниямыз Қазақстанда көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мен Астанада жиі болатындықтан, соңғы жылдары қаланың едәуір өзгергенін айта аламын. Астанада өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Мен қазақстандықтарды елорданың 20 жылдығымен құттықтаймын. Барлығына толағай табыс, жетістік тілеймін.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы