365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бакуде елорданың 20 жылдығына арналған фотокөрменің тұсаукесері өтті

  • Read 338 times
Бакуде елорданың 20 жылдығына арналған фотокөрменің тұсаукесері өтті

Бакуде елорданың 20 жылдығына арналған «Астана – Ұлы дала інжу-маржаны» фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.

Салтанатты рәсімге мемлекет пен қоғам қайраткерлері, мәдениет және ғылым өкілдері қатысты.

Астана – болашақтың қаласы. Бұл заманауи шаһар болғанымен, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі қала архитектурасынан көрініс табады. Көрмеге қойылған 60 фотосуретте елорданың халықаралық деңгейдегі бірегей мәдени нысандары бейнеленген. Олардың қатарында «Бәйтерек», Ақорда, «Нұр-Әлем» және тағы басқа көрікті жерлері бар.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары:

– Еліміз мерейлі мерекені тойлап жатқанда, Гейдар Алиев қорының қолдауымен Астананың 20 жылдығына арналған фотокөрменің тұсаукесерін өткіздік. Бұл туындылар арқылы Қазақстан астанасының ширек ғасырға жуық уақытта қалай қарқынды дамығанын көруге болады.

Астана аз ғана уақыт аралығында әлемнің ең әдемі және заманауи қаласына айнала алды. Бұл пікірді Гейдар Алиев орталығы директорының бірінші орынбасары білдірді. Экспозиция екі тарап серіктестігі аясында жоспарланған жобалардың бірі ғана.

Эльдар Гюнайдын, Әзербайжан-Қазақстан достық қоғамының төрағасы:

– Астана – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туындысы десем артық айтқаным емес. Шаһардың авторы да, негізін қалаушысы да сол кісі. Бауырлас Қазақстанның осындай үлкен, тамаша бас қаласы барына мен тек қуаныштымын.

Көрмеге Тұңғыш Президент Қорының Бурабай ұлттық паркі жайлы дайындаған фотоальбомі де қойылған. Бакудегі фотокөрме аптаның соңына дейін жалғасады. Бүған дейін Ресей мен Испанияда тұсаукесері өтсе, жақын арада экспозиция Пекин, Лондон, Берлин және Парижде ұйымдастырылатын болады.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

back to top
Хабар 24 телеарнасы