374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің өкілдері Астананы 20 жылдығымен құттықтады

  • Read 215 times
  • Media
БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің өкілдері Астананы 20 жылдығымен құттықтады

Астананың 20 жылдығы халықаралық ұйым үшін маңызды оқиғалардың бірі болып отыр.

Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде қазақстандықтарды елорданың туған күнімен құттықтау жалғасып жатыр. БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің өкілдері Қазақстаның халықаралық аренадағы маңызды рөлін атап өтіп, Астанаға ізгі тілектерін жаудырды.

Вэйсюн Чен, БҰҰ Терроризмге қарсы комитеті директорының орынбасары

– Мен Астана қаласына барып көргенмін. Көздің жауын алатын керемет қала. Тұрғындары ақкөңіл әрі қонақжай. Ең бастысы БҰҰ-дағы Қазақстанның жұмысын атап өткім келеді. Сондай-ақ бұл мемлекет Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі және ондағы бірнеше комитетке жетекшілік етеді. Қазақстан тек Орталық Азияда емес, әлемдік қауымдастықта маңызды рөл атқарады. Менің ойымша, Қазақстан және оның астанасы бізді жетістіктерімен әлі талай қуантады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы