418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялық депутат қазақ елін елорда мерейтойымен құттықтады

  • Read 484 times
Оңтүстіккореялық депутат қазақ елін елорда мерейтойымен құттықтады

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Но Унг Рэ Астананы 20 жылдығымен құттықтады.

Ол Парламентте Қазақстан-Корея достық қоғамын басқарады. Депутат елордаға өткен жылдың тамыз айында іссапармен келген болатын. Оның пікірінше, Астана – Орталық Азиядағы ең әдемі әрі заманауи қала. Әсіресе Бәйтерек мұнарасы мен қала тұрғындарының қонақжайлылығы ерекше есінде қалған. Депутат – Корей түбегінің солтүстігі мен оңтүстігігі арасын жылытқан билік басындағы «Тобуро» партиясының өкілі. Ол қос Корея мемлекеті арасындағы теміржол байланысын қалпына келтіру Қазақстан-Корей қарым-қатынастарын жақсартатынына сенімді

Но Унг Рэ, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты:

– Осыдан 50 жыл бұрын үзілген теміржол бағыты қайта қосылса, Корея мен Қазақстан арасы жақындай түседі. Сонда Сеул қаласынан Астанаға пойызбен қатынауға болады. Қазақстанға теміржолмен саяхаттайтын, сондай-ақ Кореяда қазақ жұртын қарсы алатын күннің тезірек келуін тілеймін. Мерекемен шын жүректен құттықтаймын, елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынас нығая берсін. Қазір Қазақстанға ресми сапардың дайындығы жүріп жатыр, тезірек Астанаға жетсем деймін. Корея мен Қазақстан достығының өркендеуіне бар күшімді саламын.

back to top
Хабар 24 телеарнасы