369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

  • Read 377 times
  • Media
Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

Түркістан облысында «Қазақстанның 20 шыңы» атты экспедиция сапардан оралды.

Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі 3446 метр биіктікке шыққан альпинистер шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауын берді. Спорттық туризмді ту еткендер Астана қаласының жиырма жылдығына орай бір ай бойы жиырма шыңға шыққан. Бұл жоба тауларды зерттеуге және де еліміздегі туристік әлеуетке баға беру мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Экспедиция Қазақстанның 5 таулы аймағын қамтыды. Бұлар – Орталық Тянь-Шань, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы мен Алтай және Өгем жоталары. Енді осы жерлерден жаңа туристік және альпинистік бағдар ашылмақ. Ал шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты әрі талантты былғары қолғап шебері Серік Сәпиевті әлі де болса отандық туризмнің дамуы кенже қалып отырғандығы алаңдатады. «Бұған себеп те жоқ емес», - дейді депутат. Туристерге жасалатын жағдай төмен. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, енді «Сайрам-ұлттық паркінен жаңа туристік нысандар бой көтереді.

Серік Сәпиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине, отандық туризмге келгенде кемшіліктер бар. Мәселен, инфрақұрылым жағы төмен. Ал баға қалтаны қағады. Туризмді оңтайлы түрде жолға қоямыз деп талай жиындар өтті. Тіпті Парламент қабырғасында да. Алайда даму жағы баяу дер едім. Ішкі туризмді көтеруді өзімізден бастау керек. Сол себепті де осы шараға келіп отырмыз.

Ербол Тасжүреков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

- Сайрам-Өгем ұлттық паркінінің жанынан туристік нысандар ашылатын болады. Оған инвесторлар тартудамыз. Нақты жобаларға ұсыныс беріп, әзірлеудеміз. Келешекте ішкі және сыртқы туризмде Өзбекстан, Қырғызстан Қытайдан да туристер қызығушылық білдіріп отыр. Соған арнайы туристік бағыттар жасап, 3 күндік, 7 күндік осы Сайрам Өгем паркінде демалып кететін болады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы