365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?

  • 442
  • UPD: 12:28, 19.09.2018

Бұл тақырып «Айқын» газетінің тілшісіне арқау болыпты.

Мақала: «Адам кітап оқуды доғарса, ойлауды да доғарады» деп аталады. Онда кітап оқу мәдениетін көтеру мәселесі кеңінен қаузалды. «Иә, қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Бірақ кітап оқу әркімнің жан қалауы», - делінген мақалада. Бұл жөнінде қаламгерлер не дейді?

Сауытбек Абдрахманов, Мәжіліс депутаты, филология ғылымдарының докторы, жазушы:

- Жақында Португалияға бардым, Порту қаласында өзіміз ұмытып кеткен бір көрініске куә болып, қатты таңдандым әрі қуандым. Ол көрініс – кітап дүкенінің алдындағы кезек. Бұл біз үшін үлкен оқиға. Ұмытыла бастаған оқиға. Демек, әлемде кітапқа қайта бетұру тенденциясы басталуы әбден мүмкін. Қазір Батыс әлемінде кітаптың беделі артып келеді. Кітап оқу – ұлттың интеллектуалды деңгейін көтеретін, бәсекеге қабілетті ететін мәдениет.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

- Сондықтан, кітап оқып, мәдениетімізді көтерейік. Газет-журналдарды да назардан тыс қалдырмаңыз.

 

Батырлардың көзін көрген ғимарат

Батырлардың көзін көрген ғимарат. Батыс Қазақстан облысында Махамбет пен Сырым батырлар уақытша қамауда отырған көне нысан қараусыз қалды. Ол Ақжайық ауданы Атамекен ауылында орналасқан. Елді мекенде осындай мәдени орындар аз емес. Бұл туралы «Түркістан» газетінің тілшісі жазып отыр.

Тарихи орындар тек жергілікті тұрғындарға керек сияқты. Мақалада жазылғандай, Атамекен ауылында тағы шағын музей бар. Онда 600-дей жәдігер жинақталған. Бір өкініштісі, оны ауылдықтар өз күштерімен күтіп келеді. Бұл туралы өлкетанушы Жәнібек Әбілпейісов пікір білдірген екен. Үзіндіге үңілейік.

«Бұл ғимарат көне, патша заманынан қалғандықтан, ешқандай жөндеу көрмегендіктен, төбесінен тамшы ағып, көктемде қар еріген кезде көп қиыншылық көреміз.Сыртында əлі 2-3 бөлме, түрмеге лайықты жертөле қараусыз тұр. Олар жылдан жылға ескіріп, бұзылуда».

 

Ағайындылардың атамекенге тартуы

Осы Батыс Қазақстан облысына қарасты Әдібай ауылының тумалары ағайынды. Сыралиевтер жерлестеріне фельдшерлік-акушерлік пункт сыйлады. Олар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша емдеу мекемесінің құрылысына қалталарынан 15 млн теңге бөліп берді. Бұл ауылдықтар үшін үлкен қуаныш болды. «Өйткені бұрынғы ФАП әбден ескірген», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Бүгінгі заманға сай салынған нысанға қажетті коммуникациялар жүйесі тартылған, фельдшерлік кабинет, екпе бөлмесі, акушерлік кабинет, күндізгі емхана бөлмесі де бар. Кабинеттердің бəрі де толықтай жаңа қондырғылармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына қажетті медициналық көмек көрсетуге əзір.

Осы категория бойынша: « Елімізде ең ұзақ өмір сүретін адамдар қай қалада тұрады? Құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы