365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі БАҚ Жолдауды талқылауды жалғастырды

  • 723
  • UPD: 12:30, 10.10.2018

Мерзімді басылымдарда Елбасы жолдауына қатысты бірқатар мақалалар жарияланған.

Онда белгілі қоғам қайраткерлерінен бастап, қарапайым тұрғындарға дейін өз ой пікілерін білдіріп жатыр.

Жолдауының басымдықтары жайлы қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де пікір білдірген. Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті жазады. Саясаттанушы Әзербайжан парламентінің депутаты  Расим Мусабеков былай дейді. Мен жолдаумен аса  қызығушы­лықпен танысып шықтым. Ең алдымен назар аудартқаны – Жол­даудың азаматтардың тұрмыс-тір­шілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы болды. Менің ойымша, Жолдаудың кей­бір тұстары өзге елдерде де көрініс тауып жатса құба-құп. Сондай-ақ «Табысты өсіру – өмір сапасын арттыру» деген тақырыппен саясаттанушы Матиес Дорнфельд те өз пікірін білдіріпті. Бұл Жолдау ел  болашағының негізгі параметрлерін айқындаған. Жастарға, білім мен денсаулыққа басымдықпен қарау соны аңғартады. Қазір Қазақстан осы заманғы талаптардың үдесінен шығатын елге айналды. Өңдеу өнеркәсібін арттыру -болашақ­ың экономикасы. Президент нақ осы бағдарды жандандыруға күш салып отыр.

«Болашақтың экономикасы» өте маңызды бағыт, әсіресе оның баламалы энергетика саласы маңызды. Бәріміз болашақтың энергиясы тақырыбында Қазақстанда «ЭКСПО-2017» көрмесі өткенін білеміз. Бұл оның Орталық Азия мемлекеттерінің арасынан бірінші болып өз дамуының жаңа шешімдерін табуға деген ұмтылысын көрсетті. Берлиндегі Еуразиялық клубтың шеңберінде Қазақстандағы «болашақтың экономикасын» цифрландыру және басқа да элементтер тал­қы­лау­дың тақырыбы болды. Осынау диалогтік алаң 2012 жылы құрыл­ған еді, ол Қазақстан мен Гер­мания, сондай-ақ Еуропалық Одақ арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің барлық спектрін талқылауды мақсат еткен».

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді деген айдармен басылған мақалада бірқатар зиялы қауым өкілдерінің өз ойларын айтқан. Солардың біріне «Бұл ауылға айрықша бетбұрыс» деген тақырып қойылыпты. Жолдау аясында  «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске қосылатыны белгілі. Бұл жаңалықты  ауыл тұрғындары қуана қабылдады,  деп жазады Түсіпхан Түсіпбеков деген азамат.

«Қазақтың күретамыры, жаны – ауыл. Елімізде күннен-күнге көркейіп жатқан ауылдармен қатар кетеуі кетіп тұрған ­ауылдар да жоқ емес. Әсіресе қаладан шалғай шекаралық аймақтардағы ауылдардағы мектептердің жабылып, халық санының азайып жатқаны рас. Облысымыздың мың шақырымға жуық жері Қытаймен шектеседі. Басқа-басқа, осы мемлекетпен шекараны нығай­ту кезек күттірмейтін мәселе. Осы ретте алдағы уақытта қолға алынатын «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында шекаралық аймақтардағы ауылдарға назар аударылса, арнайы бағдарлама қабылданса жөн болар еді, деп ойлаймыз». 

- Жолдауға қатысты  облыстық газеттер қандай мақалалар жариялап жатыр?  Мемлекет басшысының экспортқа шығарылатын отандық өнім көлемін ұлғайтуға қатысты тапсырмасын шаруалар қалай қабылдады? Осы мәле жайында айтсаңыз.

Шығыс Қазақстан облыстық Дидар газеті дәл осы тақырып жайында мақала басыпты.

Елбасының Жолдауда айтқан тапсырмаларының бірі - елдегі шағын және орта бизнесті одан әрі қолдап, дамытуға дем бермек. Президент айтқандай, бизнесті ішкі нарық үшін ғана емес, шетел экспортын арттыруға да бағыттауымыз керек. Жолдауда отандық өнім экспортын 2,5 есе арттыру мақсат қойылып отыр. Мал шаруашылығының да қарқынды дамый алмауы экспортқа шығаратын мал өнімдерінің аздығында. Осыған орай, бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерін  шетелге кедергісіз шығарудың тетігі жасалып жатқандығы жазылған. Мақала авторы Асқар Жақыпбаев "Аймағымыз экспорттық әлеуетін арттырмақ" мақаласында былай дейді. 

«Біздің облыс соңғы он жылда биыл алғаш рет Өзбекстанға 905 бас ірі қара малын экспорттады. Алдағы уақытта тағы да 1200 бас шығаруға карантиндік шаралар жүргізіп жатырмыз. Мал бордақылау алаңдары ашылғаннан бастап, Өзбекстаннан бізге де кәсіпкерлер келе бастады. Мал өнімдері көп болғанымен оны экспорттау үшін белгілі бір стандартты технология, инфрақұрылымдық жүйе, сапалық белгі қажет екенін алдымен түсінуіміз, ескеруіміз керек. Осы орайда облыста мал бордақылау алаңын ашу мәселесіне үлкен көңіл бөлініп отыр».

Жолдауда айтылған міндеттер қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысы мен рухани құндылықтарын жаңа сапаға көтеруге жол ашып отыр. Бұдан бұрын мемлекет басшысы  саяси реформа мен экономикалық  жаңғыру процестерінің нақты  мақсат-міндеттері  мен басымдықтары мен оған жету жолдарын  саралап берген болатын.  Ең  бастысы, біз  осыған дейін  жеткен  жетістіктерімізге  ширек ғасыр  ішінде   жеткенімізді  ұмытпауымыз қажет. Бұл біздің  баға  жетпес  байлығымыз, дейді техника ғылымдарының докторы Алексей Цеховой. Мақала Алматы ақшамы газетінде басылған.

«Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жасалған игі бастамалардың қашан да маңызы зор болған. Ал бастамалар негізсіз жасалмайды. Елбасымыздың Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берген Жолдауында урбанистік жағдай да назардан тыс қалмады. Бүгінде әлемдік көші-қон мәселесі өте өткір күйінде тұр. Дала мен қаланың арақатынасында белгілі бір айырмашылықтар күн өткен сайын күрделеніп барады. Оны теңестіру мүмкін емес. Бірақ шешімін табу жолдары бар».  

Ол үшін ең бастысы  ауылда да, қаладағыдай инфрақұрылымды дамыту керек.

Осы категория бойынша: « Мерзімді басылымдар жолдау жүктеген міндеттерді талқылап жатыр Баспасөзге шолу »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы