364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Біз не киіп жүрміз?

  • 263
  • UPD: 11:47, 25.10.2018

Республикалық «Айқын» газетінде «Не киіп жүрміз» атты мақала жарияланып,  автор проблемаларға тоқталған екен. 

Бүгінгі күні Қазақстанда осы салада 984 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ал, оның -95 пайызы шағын ғана кәсіпорындар. Ал өндірілген өнімдер қанша? Сандарды сөйлетсек. 

«Жеңіл өнеркәсіп саласында өнім өндіру өткен жылдың қорытындысы бойынша 8,1 пайызға өскен. Қаржылай табыс та бұрнағы жылмен салыстырғанда артып, 88,6 миллиард теңгеге жеткен. Экспорт 40 пайызға ұлғайған. Осындай оң өзгерістер бола тұра, саладағы проблемалар шашетектен. Мемлекет басшысы «Отандық кәсіпорындарға халық көп тұтынатын тауарларды шығаруға көмектесу керек» дегенді сондықтан айтып отырған болар. Былтыр тоқыма өндірісі – 13, киім өндіру – 2, тері өндірісі 8 пайызға өскен. Бұл өсті деген аты ғана, соншалықты көзге ұратындай өсім емес. Дегенмен салада құлдырау үдерісі тоқтаған. Соның өзі алға жылжуға мүмкіндік барын аңғартады»

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Мақалада жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы төрайымының пікірі берілген.  Азаматша аталған салаға мемлекеттен арнайы қолдау болса дейді.

Любовь Худова, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы:

- Кеңес Одағы кезінде ел бюджетінің 17-18 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы беретін. Қазіргі таңда ІЖӨ-нің небәрі 0,3 пайызын ғана құрайды. Біздің кәсіпорындарымыздың әлеуеті жоғары, тек оған нақты мемлекеттік қолдау бағдарламасы қажет. Жеңіл өнеркәсіп саласы жайлы әңгіме болғанда Кеңес Одағы кезін айта беретініміз неліктен? Өйткені бір ғана Алматы мақтамата комбинатының өзінде 8 мың адам жұмыс істеген екен. Осыдан-ақ жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауқарының қаншалықты болғанын аңғаруға болады. Оның үстіне бұл кәсіпорын өнімдері 100 пайыз мақтадан тігілетіндіктен, тұтынушы ның көңілінен қашан да шығып отырған.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Автор жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі жасап тұрған бірнеше факторға тоқталды. Сарапшылардың пікірінше, бірінші ол - жұмыс күшінің қымбаттығы. Екіншіден, ішкі нарық тым тар. Ал үшіншіден, бренд жоқ.

- Енді жеңіл өнеркәсіптен ауыл шаруашылығы тақырыбына ауыссақ. Голлландиялық инвесторлар Нарынқол аймағы картоп өсіруге қолайлы аймақ екендігін анықтаған. Бұл жайында ақпарат «Айқын» газетінде жазылды. Бұл ретте биыл осы Райымбек ауданының шаруалары бұрын соңды болмаған өнім жинапты. Мақаладан үзінді келтірсек.

«Нарынқолдың атағы шартарапқа тараған картобына деген сұраныс әлі күнге өте жоғары. Оған картопты қайта өңдеу мен фри картоптарын шығаратын трансұлттық голландиялық Farm Frites компаниясы өкілдерінің Қазақстанды түгел шарлап шығып, ақыры осы Нарынқолдың картобына тоқталғаны нақты дәлел бола алады. Жері құнарлы, теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан жерге сапалы картоп тұқымы отырғызылса, ол түрлі ауруларға төзімді әрі өнімді болады. Түні салқын ауданда картопқа әуес зиянкестер жоқтың қасы. Сондықтан оны түрлі дәрі-дәрмекпен улаудың да қажеті шамалы. Соның арқасында картоптары ірі, экологиялық жағынан таза, дәмді әрі сапалы. Міне, осының барлығы – Нарынқол картоптарының нарықты жаулауына төте жол ашатын артықшылықтар».

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Ауданда жиналған өнімге Астана, Алматы қалаларына бөлек көрші мемелекеттерден де сұраныс түсуде. Сондықтан сәтін салса, Қазақстанда өсіріліген экологиялық таза өнімі  тіпті экспортқа жол тартуы мүмкін. Қазақ: «Той дегенде қу басы домалайды» дейді. Облыстық Солтүстік Қазақстан газетінде «Тойдың да естісі бар, есері бар» деген атаумен мақала жарияланды. Бұл тақырып бойынша ардагер ұстаз Сағат Қуандықов қалам тербеген екен. Азамат қазақтың тойы ұлттық дәстүрден алшақтап бара жатқандығы жайында  жазыпты.  Ал кешті жүргізетін асабалардың барлығы бір сарында деген пікірде.

Сағат Қуандықов, ардагер ұстаз:

- Тойдың көңілді, мазмұнды өтуі, әрине, асабаға тікелей байланысты. Қонақтар мен той иесінің арасын жарасымды үйлестіріп отыру асабаның шеберлігіне тән. Ұшқыр ой, ұтқыр сөз, әдемі қалжың, тәрбиелік мәнді айшықты әңгіме қонақтарды жалықтырмайтыны белгілі. Алайда жаттанды сценарий, орынсыз әзілімен отырыстың сәнін кетіріп, қонақтарды мезі ететін асабаларды да көріп жүрміз. Қандай да болмасын әзілдің де, әңгіменің де астарында сол күнгі той иелеріне лайық тәрбиелік мәні бар ой жатқаны жөн емес пе?! Асқақ өнерді тамашалаған сайын халықтың жүрегін ой тербейді. Ендеше тойдың өз деңгейінде өтуі үшін асаба әні мен күйі, сөзі мен әзілі жарасқан бесаспап, тума талант болуы шарт»

Самат Қайырденұлы, тілші:

-  Бірақ шақырған уақытта барамын деп айта алмаймын. 3-ке шақырса, 5-те, ал 5-ке шақырса кешке ғой. Авторы мақалада осы мәселені де қозғаған екен. Бұдан бөлек ол қарызға батып, тіпті несие алып қымбат әртістерді шақыртудан бас тартқанымыз жөн. Бұдан гөрі тойларымызға ұлттық әдет-ғұрпымызды енгізсек дұрыс болады деген пікірде.

Осы категория бойынша: « БҚО-да малды «электр бақташы» бағады Сығанақ туристерді шақырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы