389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кино түсіру ермек пе?

  • 1100
  • UPD: 14:26, 15.11.2018

«Түркістан» газетінің «Оқырман ойы» айдарында «Кино түсіру ермекке айналды ма» деген атаумен өнертанушы Анар Қанайдың пікірі жарияланды.

Мақалада соңғы кездері ән салып жүргендер кино түсіруге кірісіп кеткені жазылған. Әуелі Баян Мақсатқызы, артынша Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахандардардың комедиялары ел экрандарынан түспейді. Сондықтан «кино түсіру өнер ме, бизнес пе» деген оқырмандарына сұрақ қойып отыр.

«Өзі жайлы кино түсіргеннен бөлек өзі кино түсіріп жүргендер тіпті көп. Біркелкі, жеңіл әзіл мен отбасы, ошақ қасындағы тақырыптар. Сол мезетте күлесің, бірақ еш ой салмайды. Бір күндік дүние. Таяуда ғана тұсауы кесілген Ерке Есмаханның «Махаббат кафесі» де сондай. Әншінің алаяққа тап болған оқиғасының негізінде түсірілген фильм де комедия жанрында. Неге бәрі комедия? Басқа жанрда кино түсіруге өресі жетпей ме, әлде комедияны таспалау оңай ма?»

Пәтер сатқан «полицей». Осындай атаумен павлодарлық «Сарыарқа самалы» газетіне мақала шықты. Онда жуырда облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 34 жастағы әйелді құрықтағаны жазылған. Тергеу жұмыстары барысында оның Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны екені анықталды. Оңай пайданы көздеген оның алаяқтық әрекеті жаға ұстатты. Өскемендік пайдакүнем Павлодар қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерді 2 тәулікке жалға алған. Сөйтіп, баспананы үй иесі секілді өзі де суретке түсіріп, әлеуметтік желі арқылы ұзақ мерзімге жалға беретіні жөнінде хабарландыру берген. Енді мына қызыққа қараңыз.

«Хабарласқан адаммен кездесу үшін арнайы полицей киімін сатып алып, өзін құқық қорғау саласының маманы ретінде таныстырыпты. Пәтерді көрсетіп, айлық төлем ретінде 60 мың теңгені алған соң, ізін суытқан. Анық болғандай, пайдақор дәл осы әдіспен Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше тұрғынды алдап кеткен. Күдіктіні іздестіруде павлодарлық тәртіп сақшыларына Шығыс Қазақстан облысының полицейлері де көмектескен. Қазіргі уақытта ол Өскемен қаласында қамауда отыр»

Хабар 24 телеарнасы