384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс жайында отандық БАҚ не жазуда

  • 871
  • UPD: 10:57, 26.06.2019

«Арыстағы апат». Бұл «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаланың тақырыбы.

Авторлары Нұршат Төкен мен Орынбек Өтемұраттың жазуынша, Айдың-күннің аманында әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуі бейқам отырған жұртты шошытты. Осы күнге дейін сақталып қалған оқ-дәрілердің әлі қаншасы қауіп тудыратынын ойлаудың өзі қорқынышты, деп жазған авторлар. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің айтуынша, «Бұл арсеналда қауіпті оқ-дəрілер мен бомбалардың сақталмағанын ресми мəлімдеймін. Барлық оқ-дəрілер сақтық үшін далаға қарай бағытталып қойылған. Сондықтан негізгі соққы бос далаға жасалды. Толқынның бір бөлігі елді мекенге əсер етіп, бірнеше баспананың шатыры мен терезесіне зақым келді. Қауіпсіздік үшін Арыс тұрғындарына жақын арада жедел штабтың рұқсатынсыз үйлеріне келмеуді сұраймыз. Себебі Арыстың көшелерінде жарылмай қалған оқ-дəрілер болуы мүмкін.

«Қазір бір топ сапер тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталған соң, тұрғындар өз үйлеріне орала алады. Қазір барлық үйлер мен кварталдар полиция мен қарулы күштердің жіті бақылауында. Сондықтан мүліктің сақталуы жөнінде тұрғындар уайымдамағаны жөн. Ешқандай тонаушылық пен ұрлыққарлық болмайды», – деді министр».

«Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға бүкіл халық болып атсалысу – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Сол себепті «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының қызметкерлері жарылыстан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады».

«Отандық телеарналарда «Арыс, біз біргеміз» атты телемарафон өтіп, онда орын алған төтенше жағдайдың жай-жапсары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Арыс халқына барынша қолдау көрсету мақсатында жан-жақтан гуманитарлық көмектер көрсетіле бастады. Мəселен, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мəулен Əшімбаев Facebook-тегі парақшасында партия гуманитарлық көмек жинау жұмыстарын қолға алғанын хабарлады. Сөйтіп көмек жинау пункттері ретінде өңірлердегі партия филиалдарының мекенжайларын көрсетті».

«Арыстықтарға көмектесейік, ағайын!» Бұл Айқында жарық көрген мақала. Автордың жазуынша, Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында «Арыс – көмек» деген арнайы блог ашылды. Арыс қаласындағы жарылыстан кейін жақынын, баласын жоғалтқандар осы сайтқа кіріп, мәлімет ала алады. Сонымен бірге туған-туысын іздеген азаматтар arys.komekАЙҚҰЛАҚ@mail.ru эл.поштасына бар мәліметті жолдай алады. Осы орайда, қаржылай көмек қолын созамын дейтін азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есепшот ашылды.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы

Түркістан қаласы,

Кызылорда тас жолы ,

34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

«Осы есепшот жариялана салысымен Арыс жұртшылығына қайырымдылық жасауды жөн көрген азаматтар бірден іске кірісті. Қазір арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есепшотқа ақша аудара алады. Бүгін белгілі шымкенттік кәсіпкер-меценат Қайрат Молдасейітов Арыстағы тұрғындар мұқтаждығы үшін 10 млн теңге аударды. Ол өзге де кәсіпкерлерді игілікті іске шақырды», деп жазады автор.

Қызылордадан Арыс халқына азық-түлік автокеруені аттанды. Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы – бұл. Қазір жан-жақтан гуманитарлық көмек ағылуда. Бұлан сыр бойының халқы да қалыс қалмады. Төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, 14 жарым тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық, 1 жарым тонна сүт жіберілді.

«Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардағы екі мыңнан астам мемлекеттік қызметші 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіруде. Бұдан бөлек, зардап шеккендерге азаматтық қоғам институт өкілдері, кәсіпкерлер және жеке азаматтар да өз еріктерімен қолдау көрсетуде. Теміржол станцияларында оқиғаға орай кідірген 5 жолаушы пойызындағы 1 мың 200 жолаушыға ыстық тамақ пен салқын су тегін таратылды және 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді».

Хабар 24 телеарнасы