384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы министрлігі: Ақша аударымдарына салық салынбайды

  • 320
  • UPD: 12:47, 15.11.2019

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы экологиялық мәселені шешуді тапсырды». Бұл – Айқында жарық көрген мақаланың тақырыбы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілшінің жазуынша Президент Көкшетауда өткен Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу туралы тапсырма берді.

Президент атап өткендей, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі осыған дейін бірнеше рет айтылды. Көкшетаудың полигонында қоқыстарды бөліп, сұрыптап, қайта өңдеу жұмыстары дұрыс жолға қойылмай келеді. «Рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарының саны артуда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жоятын технология қажет. Әкімдіктерге рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою бойынша жұмыстарды ширату қажет», - деді Мемлекет басшысы» деп тілші мақаласын түйіндепті.

Ақша аударымдарына салық салынбайды. Мұны Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған. «Егемен Қазақстаннан» оқыдым. Бірнеше күннен бері «Каспи» қосымшасы арқылы ақша жібергендер алдағы уақытта салық төлейді деген ақпарат тарап еді. Сөйтсек, Қаржы министрлігінің өкілдері мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салық алуды жоспарламайтынын айтты. Оның үстіне жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізу тіптен көзделмейді. Ал кәсіпкерлік қызметке келетін болсақ, ол міндетті түрде ашық болуы керек. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес фискалдық чектер беруге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн кассалық бақылау машиналарын пайдалануға міндетті. Міне, осылардан ақы алынады.

Сондықтан халықты алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырамын. «Өйткені жеке тұлғалар үшін алаңдауға негіз жоқ» делінген екен газеттегі хабарламада.

«Мектеп директорының жалақысы – енді жаңа жүйеде». Бұл «Атырау» газетінде жарияланған мақаланың тақырыбы. Тілшінің жазуынша, бүгінде мектеп директорларының жалақысы кейбір мұғалімдердің еңбекақысынан да төмен. Өйткені өз санаттарын көтерген педагогтарға үстемеақылар төленеді. Ал бұл жүйе мектеп басшыларына қарастырылмаған. Бірқатар директорлық вакансиялардың бос тұруының да бірден-бір себебі осы. Бұл ретте мәселе қалай шешімін табады?

Министрдің айтуынша, жалақыны көтеру көлемі дифференциалды және еңбек өтілі мен санатқа тікелей байланысты болады. Бірінші санат үшін еңбекақыны 100 пайызға дейін көтеру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы