371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жұмысына оң баға берді

  • 697
  • UPD: 17:17, 09.02.2018

Өткен жыл оңайға соқпады. Бірақ жаһандық дағдарысқа қарамастан ел экономикасы 4 пайыз өсім көрсетті. Инфляция 7 пайыз деңгейінде болды. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы былтыр еліміз жақсы нәтижеге қол жеткізгенін айтып, Үкіметтің жұмысына оң баға берді.

Бірақ биылғы көрсеткіш бұдан төмен болуы мүмкін деді Президент. Сондықтан алда атқаратын шаруа шаш етектен. Бұл ретте Елбасы Үкіметтің есебін тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Үкіметпенен әкімшіліктердің бірлесіп істеген жұмысының арқасында, менің бағалауым бойынша, дұрыс нәтижелерге жеттік. Экономиканың өсімі 4% болуы, инфляцияның 7%-дың төңірегінде болуы біз үшін алынған жаңа белес болып саналады. Сондықтан мен бұл жағынан Үкіметтің жалпы отырысында әрбір Үкімет мүшелеріне оң бағамды бергенім дұрыс деп санаймын. Халық та солай деп ойлайтын шығар. Дегенмен әр уақытта біз жаңағы жетістіктерімізге менменсіп отыра бермейміз. Алдымызда мақсаттар көп. Бағдарламалардың орындалуының ішінде кемшіліктер бар. Оны, әрине, айтатын боламыз. Сондықтан бүгінгі жиналыс, бір жағынан, өткен жылдың қорытындысын тағы да бір халыққа жария ету, одан кейін алдымызға тұрған міндеттерді анықтау болып саналады.

Отырыста елдегі екінші деңгейлі банктердің мәселесі де қаралды. Ұлттық банк қазір банк секторын сауықтыру бағдарламасына 5 қаржы ұйымының қатысуын мақұлдаған. Бұл елдегі барлық банк жүйесінің 28 пайызын құрайды. Онда халықтың 2 трлн теңге депозиттік салымдары мен квазимемлекеттік компаниялардың шоттары бар. Қаржылық ұйымдарға көрсетілген мемлекеттік қолдау 650 млрд теңгеден асады. Осылай деген Данияр Ақышев бағдарлама қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз етті дейді. Бұл ретте Елбасы алмақтың да салмағы барын ескертті. Екінші деңгейлі банктер экономиканы несиелендіру үшін осындай көмек көрсетілгенін жеткізді. Бірақ бұл қомақты қаражат банктерге несие ретінде берілді. Яғни қайтарымы бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Состоятельные люди хотят иметь банк – создают этот банк. Создают, это частный, государство не имеет никакого отношения, потом проваливается, и теперь государство должно поддерживать штаны. Нельзя. Создал – пусть отвечает до конца. Но общее кредитование экономики требовало оказание поддержки, и эту поддержку НБ оказал. Теперь надо следить, чтобы это не повторялось каждый раз.

 

Осы категория бойынша: « Елбасы Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды Үкіметтің кеңейтілген отырысында не талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы