365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтіп жатыр

  • 373
  • UPD: 22:46, 15.03.2018

Ақордада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосып, жұмыс кездесуін өткізіп жатыр.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері, сондай-ақ Түрікменстан меджлисінің төрайымы қатысуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясына алғаш болып, Сооронбай Жээнбеков пен Шавкат Мирзиёев келді. Артынша Эмомали Рахмон мен Акджа Нұрбердыеваға да Ақордада құрмет көрсетілді. Бес елдің басшылары экономика, сауда, инфрақұрылым мен логистика мәселелерін пысықтайды. Айтып кету керек, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының ресми емес кездесуін өткізу туралы идеяны Өзбекстан Президенті былтыр қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының 72-сессиясында айтты. Шавкат Мирзиёев сол басқосуда өңірде саяси сенім артып, біраз мәселенің шешімі табылғанын мәлімдеген. Ал кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзбек әріптесінің бастамасын қолдап, кездесуді Астанада өткізуді ұсынды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Самарқанд қаласында өткен Орталық Азиядағы проблемаларға арналған халықаралық конференцияда жариялаған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Преимущества таких встреч для наших народов очевидно. Во-первых, объединение потенциала наших государств выгодно для всех народов. Во-вторых, увеличение внутрирегиональной торговли имеем короткое плечо перевозки, имеем взаимодополняемую экономику - это выгодно. В-третьих, укрепление региональной безопасности беспокоит всех нас. В-четвертых, сближение народов тесно связано исторически, этнически, культурно. В целом, и мировая практика, и региональная кооперация показывает, что это служит народам. При этом мне приятно констатировать, что в последнее время достигнут значительный прогресс в политическом сотрудничестве между нашими странами. Нам удалось наладить пятисторонний диалог между главами внешнеполитических ведомств. Данные консультации показали наличие общего стремления к диалогу, объединению усилий.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев пен Э.Рахмон ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына барды Наурыз мерекесіне орай Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірлескен мәлімдеме жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы