365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Бесінші Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 2594
  • UPD: 19:55, 03.08.2018

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий саммитіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Тиісті орган жетекшілері Президентке ауқымды шараға әзірлік барысын баяндады.

Атап айтқанда, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою мәселесі талқыланды. Елбасы бұл құжаттың аса маңызды екенін айтып, «теңіз маңындағы өзге елдермен әріптестікті арттыруға септігі мол болады», – деді. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған халықаралық шаралар кестесін пысықтады. Жиын барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың есебі де тыңдалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үстіміздегі жылы біздің қатысуымызбен біраз халықаралық шара өтеді. Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен қатар Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді. Біз соған қатысуымыз керек.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бесінші Каспий саммитінің аясында Каспий теңізінің құқықтық режімін анықтау үшін көпжылғы келіссөздерді аяқтау жоспарлануда. Каспий жағасындағы елдердің теңізді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне байланысты бүкіл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция саммиттің негізгі құжаты болып саналады.

Осы категория бойынша: « Ұлттық банк теңге бағамына қатысты түсініктеме берді Елбасы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы