367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы Каспий саммитінде бірқатар құжатқа қол қою жоспарлануда

  • 416
  • UPD: 17:24, 09.08.2018
Ақтаудағы Каспий саммитінде бірқатар құжатқа қол қою жоспарлануда Estet-Portal

12 тамызда Қазақстанның Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммитінің бес тараппен келісілген күн тәртібі негізгі үш мәселені қамтиды.

Олар:

  1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі.
  2. Каспийдегі ынтымақтастық мәселелері:
  • экономика және транспорт;
  • экология және биоресурстарды қорғау;
  • қауіпсіздік.
  1. Аймақтық және жаһандық халықаралық тақырыптар.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша саммитке Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов келеді.

Саммиттің қорытындысы бойынша 2017 жылғы 4-5 желтоқсанда Мәскеуде өткен Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында жобасы мақұлданған негізгі қорытынды құжат – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы саммит барысында транспорт, сауда-экономика және Каспий теңізінде жанжалдарды болдырмау саласындағы ынтымақтастық туралы үш келісім сияқты бірқатар халықаралық құжаттарға, сондай-ақ 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы келісімге ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге қарсы күрес және Каспий маңы мемлекеттерінің шекаралық органдарының өзара әрекеттестігіне қатысты үш хаттамаларға қол қою жоспарлануда.

Кездесу аяқталғаннан кейін Бесінші Каспий саммитінің Коммюникесін тарату жоспарлануда.

Сонымен қатар 11 тамызда саммиттің қарсаңында Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады Ақтау саммиті туралы әлемнің 400-ден астам БАҚ өкілдері ақпарат таратады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы