374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семсерші Д.Алексанин Азиададан елімізге алғашқы медальді алып берді

  • 224
  • UPD: 21:33, 19.08.2018

Cемсерші Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды. Джакартада басталған Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ең алғашқы медалін семсерші Дмитрий Алексанин сыйлады.

Ол финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы кореялық Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Дегенмен, соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жеткен болатын. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп 15:12.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Алексанин Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын. 

Olympic.kz

Осы категория бойынша: « Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы