367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Eurovision 2018» балалар ән сайысының финалистері анықталды

  • 623
  • UPD: 17:58, 07.09.2018
«Junior Eurovision 2018» балалар ән сайысының финалистері анықталды

«Хабар» Агенттігі» «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық балалар ән сайысына Республикалық іріктеудің ақтық сынына өткен қатысушылардың аты-жөндерін жариялады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев және Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Республикалық іріктеуден өткен қатысушылардың тізімін жариялады.

Сайыс финалистері:

1) Зере Амирбекова - Алматы - 14 жаста;

2) Динар Надирбекова - ШҚО - 13 жаста;

3) Сүйкім Қабылбек - Астана - 12 жаста;

4) Данэлия Тулешова - Алматы - 12 жаста;

5) Ержан Максим - Орал- 11 жаста;

6) Мария Затварницкая - Павлодар - 13 жаста;

7) Мейіржан Жидебай - Ақтөбе - 12 жаста;

8) Жанелья Қалдыбек - Астана - 12 жаста;

9) Санат Асуат - Атырау - 13 жаста;

10) Бинура Саудабай - Астана - 11 жаста.

Финалистер Алматыда өтетін гала-концертке дайындалады. Іс-шара Алматыдағы қала күнін мерекелеу шеңберінде өтеді.

Гала-концертті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер SMS немесе қоңырау шалу арқылы ұнаған қатысушыға дауыс бере алады. Дауыс беруге сондай-ақ қазылар мүшесі де қатысады. Жеңімпаз жюри мүшелері мен көрермендердің берген жиынтық дауыстары бойынша анықталады.

Гала-концертте финалистер бұрын-соңғы еш жерде орындалмаған әндерін орындайды. Сондай-ақ бағдарламаға отандық музыка индустриясының әртістері қатысады.

Концерттен кейін жеңімпаз 25 қарашада Минскіде өтетін финалға дайындалуы тиіс.

 

 

 

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы әріптестерімен жүздесті Мемлекет басшысы Қарағанды облысының даму қарқынын бағамдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы