365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Бюджет қаржысы қатаң бақыланып, тиімді игерілуі тиіс

  • 382
  • UPD: 19:58, 19.09.2018

Қазына қаржысы тек көзделген мақсатқа бөлінуге тиіс.

Бүгін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдау кезінде Елбасы осыған мән берді. Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қаржысын тиімді игеруді және оның қолды болуына жол бермеуді қамтамасыз ету керектігін айтты. «Бұл ретте Есеп комитеті маңызды рөл атқарады», - деді. Ал қазына қаржысының әрбір тиыны мақсатты жұмсалауын қадағалайтын Наталья Годунова есеп комитетінің қызметі жөнінде есеп берді. Республикалық бюджеттің атқарылуы және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын тілге тиек етті. Сондай-ақ өңірлердегі тексеру комиссияларына көрсетіліп жатқан әдістемелік қолдау жұмыстары туралы мәлімет берді.

Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, Ұлт жоспарына сай Есеп комитеті қаржыға қатысты құқықбұзушылық фактілерін анықтау тәжірибесінен гөрі тиімділікті бағалауға аса мән беріп отыр. Біз қаржылық құқықбұзушылыққа негіз болатын себептерді анықтау ісінде аудит нысандарына қолдау көрсетеміз және тиісті ұсынымдар береміз. Егер бұрын тек республикалық бюджеттің жұмсалауын қадағаласақ, қазір мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына аудит жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы