365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады

  • 270
  • UPD: 20:41, 26.09.2018

Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді.

Осыған байланысты нормативтік-құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет.Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдау барысында айтты. Ғабит Байжанов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қауіпсіздік кеңесі жөнінде жаңадан заң қабылданды. Соған байланысты барлық документті қайта қарап, қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің жағдайын қайта қарайтын боламыз. Қауіпсіздік кеңесі деген Президенттің өте үлкен органы болып отыр. Барлық жағынан, әскери жағынан, ішкі-сыртқы жағынан. Оған тәжірибең жетеді деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Д.Абаев: Astana Media Week – жаңа технологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік Мемлекет басшысы ДСҰ-ның бас директорымен кездесу өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы