368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Ресей үкіметінің Төрағасы Д.Медведевпен кездесті

  • 292
  • UPD: 22:58, 01.11.2018

Қазақстан мен Ресей байланысын арттырудың басым бағыттары. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге арнайы сапармен келген Ресей үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуінде осы мәселе қаралды.

Президент екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық және өңіраралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратындығына тоқталып, екі жақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Дмитрий Медведевке ризашылығын білдірді. Ресей Үкіметінің басшысы болса, екіжаққа да тиімді әріптестестік арқылы арадағы алыс-беріс артып келе жатқанын атап өтті.

Дмитрий Медведев, РФ үкіметінің Төрағасы:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі, одақтасы әрі жақын досы десем болады. Екіжақты ынтымақтастыққа келер болсақ, ол жан-жақты дамыған. Жоғары дәрежегі байланыстар, үкіметаралық ынтымақтастық, бизнестің біте қайнасып жұмыс істеуі жалпы барлық деңгейде қарым-қатынасымыз орнаған. Өзіңізбен жылына бірнеше рет халықаралық алаңдарда жиі кездесіп жүрміз. Оның үстіне өзара сауда айналымы былтыр 3 есеге артты. Биыл да көрсеткіш 10 пайызға жоғары.

Осы категория бойынша: « Елбасы халық артисі Ә.Дінішевті қабылдады Елбасы ТМД Үкімет басшылары кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы