371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Ресей мен АҚШ және Қытай арасындағы бақталастықты бақылау қиындап барады

  • 262
  • UPD: 18:01, 13.11.2018

Ресей мен АҚШ және Қытай арасындағы геосаяси бақталастық  бұрыннан бері бар. Бірақ соңғы жылдары оны бақылау қиындап барады.

Енді әлемде жаппай дағдарыс жайлауы мүмкін. Бүгін Астана клубының отырысында Елбасы осындай пікір білдірді. Президенттің айтуынша, үлкен шиеленіске ұласатын жанжалдар да көбейіп барады. Өзара түсініспеушіліктер әскери  текетіреске әкеп соғуы мүмкін. Бұл жайттар ғаламдық даму институттары мен қауіпсіздіктің тиімділігіне күмән тудырады. Бүгінде алыс және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою келісімінің орындалуы қиынға соғып отыр.

Сондай-ақ Елбасы экономикалық келеңсіздіктерге  де тоқталып өтті. Қазір әлемде «сауда соғысы» орын алып жатыр. Сондай көріністің бірі әлемдік экономиканың үштен бір бөлігі тиесілі АҚШ пен Қытай арасында байқалады. Бүгінде бұл мемлекеттер ғаламдық экспорттың 20 пайызын иеленіп отыр. Бұл жайттар әлемдік экономиканың өсімін төмендетеді. Әрі оның салдарынан дамушы мемлекеттердің жағдайы нашарлай түседі. Әлемде жұмыссыздық пен кедейлік жайлайды. Бұл терроризм мен сепаратизм және заңсыз миграцияның өршуіне тиімді болмақ. Елбасы осы жайттарды атай келе, Азия елдеріне ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзіндік ұйым қажеттігін айтты.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысының қатысуымен «Астана клубының» отырысы басталды Н.Назарбаев: Астана алып державалар үшін саяси диалог алаңын ұсынуға дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы