Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды ресми түрде Жастар жылы деп жариялады, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Жастарды кешенді қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша
№ 784