389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 891
  • UPD: 14:03, 19.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық жайында әңгіме өрбітіп, өңірлік мәселелердің күн тәртібіне тоқталды. Қос тарап келер жылы Ташкентте өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кезекті кездесуіне қатысатынын растады. Екі Президент бұл жиында талқыланатын мәселелер тізімі жөнінде алдын ала келісудің маңыздылығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы