389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде «Junior Eurovision» байқауының финалы басталды

  • 627
  • UPD: 21:09, 25.11.2018
Минскіде «Junior Eurovision» байқауының финалы басталды

Минскіде «Балалар Евровидениесінің» финалдық кезеңі басталды.

Халықаралық деңгейдегі дүбірлі доданы «Хабар 24» арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Айта кету керек, қазақ елі бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Байқауда еліміздің намысын Данэлия Тулешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы. Естеріңізге сала кетсек, финалдық концерттен кейін junioreurovision.tv сайтында дауыс беру желісі 15 минутқа ашылады.

Еске сала кетсек, осыған дейін техникалық себептерге байланысты «Балалар Евровидениесінің» тікелей эфирдегі көрсетілімі республикалық «Хабар 24» телеарнасына ауыстырылғанын хабарлаған едік.

Хабар 24 телеарнасы