388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлар 15 пайыздан аса қымбаттаған

  • 1365
  • UPD: 10:00, 20.12.2018
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлар 15 пайыздан аса қымбаттаған ERNUR.KZ

Биыл еліміздің 13 өңірінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 15 пайыздан аса қымбаттаған.

Алайда жергілікті атқарушы органдар болса қолдан келгеннің бәрін жасап бағудамыз деп отыр. Мәселен, Алматы облысында биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз саудалау мақсатында аудан орталықтары мен Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларында 1700-ге жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға 5 миллиард 564 миллион теңгенің өнімі базардағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылды. Бұл тауар өндірушілер мен тұтынушы арасында делдалсыз сауда жасаудың негізгі амалы. Оның үстіне облыстың тұрақтандыру қорынан 3458,4 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік әлеуметтік сауда орындарына шығарылған.

Айгүл Ыдырысова, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының бөлім басшысы:

- Бағаларды тұрақтандыру бағытында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша мониторинг өткізіледі. Бүгінгі күні бізде тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенция жүргізіледі. Тікелей тауар өндірушілермен 1652 меморандумға қол қойылды. Азық-түлікті сауда нүктелеріне делдалсыз шығарады.

Десе де халық жыл сайын мереке қарсаңында азық-түлік бағасының екі есеге шарықтауы үйреншікті жағдай болып кетті деп отыр. Әсіресе күнделікті тұтынылатын ет, сүт, ұн өнімдерімен қоса жеміс-жидектер мен көкөністер бағасы мереке жақындаған сайын аспандап барады. 

Хабар 24 телеарнасы