379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатынан 13 әскеридің қаза тапқанын растады

  • 301
  • UPD: 13:00, 28.03.2019

Әскери борышын өтеу кезінде ҚР Қарулы күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 әскери қаза тапты.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің барлық құрылымдары тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алатындықтарын жеткізді. Апаттың себеп-салдарын анықтау барысы сала министрінің жеке бақылауында болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда сағат 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бортта 13 адам болған.

Әуе кемесі ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштеріне тиесілі болған.

 

Хабар 24 телеарнасы