378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Нұр-Сұлтан қаласына келді

  • 526
  • UPD: 19:38, 22.04.2019
Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Нұр-Сұлтан қаласына келді Фото: ҚР СІМ

Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар аясында оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі жақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысуы жоспарланған.

Осыған дейін Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азияға сапары аясында 21-23 сәуір күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы