382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы медресеге барды

  • 236
  • UPD: 15:42, 05.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы медресеге барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент діни білім алып жатқан студенттермен кездесіп, елімізге амандық тіледі.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Астана мешітіне барды. Мемлекет басшысы Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді деді. Сондай-ақ Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келетінін айтты.

«Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!» - деп тіледі Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.

 

Хабар 24 телеарнасы